"First Heartland Jusan Bank" АҚ өзінің KZ2C00002103 (TSBNb20) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

15.06.23 10:55
/KASE, 15.06.23/ – "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 12 маусымында өзінің KZ2C00002103 (TSBNb20) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, оның шеңберінде аталған облигациялар бойынша соңғы – 20-шы купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес көрсетілген облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 10 500 000 000 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 10 000 000 000 теңге, 20-купондық сыйақы – 500 000 000 теңге. [2023-06-15]