/KASE, 14.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың
16 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-108
14-ші шығарылымын (KZKD00001236, MUM108_0014) орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 5 980 579 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 100,9305 % (кірістілік – жылдық 13,80 %) деңгейінде
белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 маусымда болатын
МЕУКАМ-108 14-ші шығарылымын (KZKD00001236, MUM108_0014)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы
https://kase.kz/kz/news/show/1503093/
сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-06-14]