"ҚазТрансОйл" АҚ бейрезиденттер үшін резервуарларда мұнайды сақтауға арналған тарифтің бекітілгені туралы хабарлайды

08.06.23 18:00
/KASE, 08.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 08 маусымындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы Осымен "ҚазТрансОйл" АҚ "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2023 жылдың 8 маусымындағы №55 бұйрығымен бейрезиденттер үшін "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзит мақсатында Ресейден шыққан мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметіне айына 1 тонна үшін 0,52 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз) мөлшерінде тік болат резервуарларында мұнайды сақтауға арналған тариф бекітілгені туралы хабарлайды. Көрсетілген тариф 2023 жылдың 10 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_080623_kz.pdf – қазақ тілінде - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_080623.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_080623_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-06-08]