08 маусымнан бастап KASE-де "ЛОГИКОМ" АҚ KZ2C00008886 (LOGCb4) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды

08.06.23 16:10
/KASE, 08.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 08 маусымынан бастап KASE-де "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) KZ2C00008886 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, LOGCb4) облигацияларының сауда-саттығы тоқтатылғанын хабарлайды. Тоқтата тұру көрсетілген облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізу туралы 2023 жылдың 06 маусымында өткен аталған облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының шешіміне байланысты жүзеге асырылды. Осы тақырып бойынша бұрын KASE-нің 2023 жылдың 08 маусымындағы "KZ2C00008886 (LOGCb4) облигацияларын ұстаушылар "ЛОГИКОМ" АҚ облигациялар шығару проспектісіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады" деген жаңалығы жарияланған болатын – https://kase.kz/ru/news/show/1502788/ [2023-06-08]