/KASE, 07.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың
07 маусымда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96
13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру
бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы
сомасы 59 272 056 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу
бағасын номиналдан 87,3715 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде
белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-
саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру
бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек
жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын
МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013)
орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық
өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы
https://kase.kz/kz/news/show/1502628/
сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-06-07]