07 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 19 маусымда болатын МЕУКАМ-84 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

07.06.23 15:05
/KASE, 07.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 19 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-84 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 43 044 535 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 87,8314 % % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде белгіледі. Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын МЕУКАМ-84 18-ші шығарылымын (KZKD00001137, MUM084_0018) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы https://kase.kz/kz/news/show/1502626/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-06-07]