/KASE, 06.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ
(Алматы) компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі
бойынша KASE-ге аудиторлық есебін ұсынды.
2022 жылғы 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
----------------------------------------------------
31.12.22 31.12.21
Көрсеткіш
---------------------------------- -------- --------
Меншікті капитал 898 024 557 691
Жиынтық активтер 966 673 626 378
Жиынтық міндеттемелер 68 649 68 687
Таза пайда (таза шығын) 166 008 -393 832
Жай акцияның баланстық құны, теңге 365 270
ROA, % 17,17 -62,87
ROE, % 18,49 -70,62
----------------------------------------------------
Компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін "Moore Stephens
Kazakhstan" ЖШС жүргізді. Ескертпесі бар пікірді қамтитын аудиторлық
қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды
аспектілерде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ мен
оның еншілес кәсіпорындарының 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін
және ҚЕХС-ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражатының
қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/TPIB/tpibf6_2022_cons_rus.pdf
[2023-06-06]