"Жайықмұнай" ЖШС NOSTRUM OIL & GAS PLC Лондон қор биржасында акциялар листингін қалпына келтіруге өтініш бергені туралы хабарлады

05.06.23 15:10
/KASE, 05.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) KASE-ге 2023 жылдың 02 маусымындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады: дәйексөздің басы "Жайықмұнай" ЖШС, Nostrum Oil & Gas PLC еншілес компаниясы ("Nostrum" немесе "Компания", еншілес компаниялармен бірлесіп – "Топ"), мұнай және газ өндірумен, сондай-ақ Каспий маңы бассейніндегі мұнай-газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы 2023 жылдың 2 маусымында 2022 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілігін жариялағаннан кейін ("2022 жылғы Жылдық есеп), Nostrum сонымен қатар Ұлыбританияның Қаржы қызметі басқармасына (FCA) және Лондон қор биржасына (ЛҚБ) листингті қалпына келтіруге және бірінші мүмкіндікте қарапайым сауда-саттықты қайта бастауға өтініш бергендігі жөнінде хабарлайды. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_020623_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_020623_1en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-06-05]