KASE Басқармасы XS2624614751 ICD Eagle Limited шығарылуы жоспарланған сенім сертификаттарын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді

05.06.23 12:05
/KASE, 05.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2023 жылдың 02 маусымындағы шешімімен XS2624614751 ICD Eagle Limited шығарылуы жоспарланған сенім сертификаттарын Ислам корпорациясының жеке секторды дамыту жөніндегі кепілдігімен (сенім сертификаттарының тиісті сериясының портфелі шеңберінде туындайтын төлем міндеттемелеріне қатысты) KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берілді. Аталған сертификаттарға рұқсат берудің бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KASE-де көрсетілген сертификаттармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған сертификаттардың шығарылуы туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-06-05]