"First Heartland Jusan Bank" АҚ KZ2C00002053 (TSBNb15) және KZ2C00002103 (TSBNb20) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

05.06.23 10:00
/KASE, 05.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 маусымнан бастап айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) келесі облигациялары алынып тасталғанын хабарлайды: - KZ2C00002053 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TSBNb15; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 04.06.13-04.06.23; жартыжылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360); - KZ2C00002103 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TSBNb20; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 04.06.13 – 04.06.23, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,00%; 30/360). Аталған облигациялар 2013 жылдың 04 маусымынан бастап "Рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында тұрды. Олармен сауда-саттық 2013 жылдың 07 маусымынан бастап ашылған. [2023-06-05]