01 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase & Co US46625h1005 (JPM_KZ) акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

01.06.23 10:27
/KASE, 01.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE олармен жасалған репо операциялары бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 06 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін, JPMorgan Chase & Co (АҚШ) Us46625h1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық уақытша тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 06 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2023 жылдың 10 шілдесінен бастап қайта басталады. [2023-06-01]