26 мамырға тағайындалған "Dosjan temir joly" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы кворумның болмауына байланысты өткізілген жоқ

29.05.23 15:32
/KASE, 29.05.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Dosjan temir joly" АҚ (Астана) компания акционерлерінің 2023 жылдың 26 мамырына тағайындалған жылдық жалпы жиналысы кворумның болмауына байланысты өтпегенін KASE-ге хабарлады. Компанияның ақпаратына сәйкес, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2023 жылдың 29 мамырында сағат 15:00-де сол жерде және сол күн тәртібімен өтеді. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjl_information_290523.pdf Бұдан бұрын 2023 жылдың 27 сәуірінде "26 мамырда "Dosjan temir joly" АҚ акционерлерінің жылдық жиналысы өтеді" тақырыбына KASE жаңалығы жарияланған – https://kase.kz/kz/news/show/1500481/ [2023-05-29]