30 маусымда "Шұбаркөл Көмір" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

29.05.23 10:30
/KASE, 29.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Көмір" АҚ (Қарағанды) 2023 жылдың 30 маусымында сағат 12:00-де оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын, жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "ірі мәміле жасасу туралы" мәселе болып табылатынын KASE-ге хабарлады. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_special_shareholders_meeting_info_300623_1877.PDF [2023-05-29]