"Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ жалғыз акционері Банктің 2022 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

25.05.23 12:18
/KASE, 25.05.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Алматы) оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 22 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - Банктің 2022 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - Банктің 2022 жылдағы 96 035 129 578,28 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: - 67 224 699 900,00 теңге жалғыз акционерге дивидендтер төлеуге жіберілсін; - 28 810 429 678,28 теңге банктің қарамағында қалдырылсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/JSBN/jsbn_decision_sole_220523_7772.PDF [2023-05-25]