/KASE, 24.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ (Ақтөбе) Компанияның 2022 жылға
қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті KASE-ге берді.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше
көрсетілмесе, мың теңгемен):
-------------------------------------------------------
31.12.22 31.12.21
Көрсеткіш ж.б. ж.б.
---------------------------------- ---------- ---------
Меншікті капитал 3 806 286 3 223 182
Жиынтық активтер 6 184 554 5 386 372
Жиынтық міндеттемелер 2 378 268 2 163 190
Сату көлемі 11 559 047 6 665 843
Жалпы табыс 2 314 022 1 690 253
Таза пайда (таза шығын) 47 241 6 167
Жай акцияның баланстық құны, теңге 6 344 5 372
ROA, % 0,76 0,11
ROE, % 1,24 0,19
ROS, % 0,41 0,09
-------------------------------------------------------
Компанияның 2022 жылға қаржылық есеп берушілігінің аудитін "Concord" тәуелсіз
аудиторлық компаниясы" ЖШС жүргізді. Ескертпесі бар пікірді қамтитын аудиторлық
қорытындыға сәйкес, қаржылық есеп берушілік барлық елеулі аспектілерде
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ
қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес
көрсетілген күнге аяқталған жыл үшін ақша қаражатының қозғалысын дұрыс көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/AZNO/aznof6_2022_rus.pdf
[2023-05-24]