/KASE, 17.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының
2023 жылдың 17 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Өскемен құс
фабрикасы" АҚ (Шығыс Қазақстан облысы) KZ1C00000199 (KASE негізгі алаңы,
"стандарт" санаты, UKPF) жай акциялары алынып тасталды.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 17 мамырынан бастап
күшіне енеді.
Бұл шешім "Өскемен құс фабрикасы" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген
акциялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған акциялар 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап екінші санат бойынша
KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымыннан бастап KASE
ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатында тұрды. Олармен
сауда-саттық 2010 жылдың 07 желтоқсанынан бастап ашылды.
Бұған дейін 2023 жылдың 16 мамырында "Өскемен құс фабрикасы" АҚ-ның
жалғыз акционері KZ1C00000199 (UKPF) жай акцияларын KASE-де ерікті
түрде делистингілеу туралы шешім қабылдады" осы тақырып бойынша
KASE жаңалығы жарияланды –
https://kase.kz/kz/news/show/1501369/
[2023-05-17]