16 мамырдан бастап Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001493 (AKK024_149) облигациялары KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

16.05.23 10:05
/KASE, 16.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 16 мамырынан бастап Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001493 облигациялары (1 000 теңге, 2 008 343 000 теңге; 2 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 0,35%; 30/360) KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталған облигацияларға AKK024_149 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде көзделген іс-шараларды қаржыландыру мақсатында шығарылды. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/gsecs/show/AKK024_149/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-05-16]