16 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында екі шетелдік эмитенттің ETF бағалы қағаздарымен сауда саттық ашылады

15.05.23 17:15
/KASE, 15.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (ҚББ) 2023 жылдың 16 мамырынан бастап KASE-де iShares Inc және Franklin Templeton Investments, Inc. шетелдік эмитенттерінің мынадай ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды: - US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) iShares MSCI France ETF; - US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF. KASE сауда-сатық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген қағаз бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. [2023-05-15]