16 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында екі шетелдік эмитенттің ETF бағалы қағаздарымен сауда саттық ашылады
15.05.23 17:15
/KASE, 15.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (ҚББ) 2023 жылдың 16 мамырынан
бастап KASE-де iShares Inc және Franklin Templeton Investments, Inc. шетелдік
эмитенттерінің мынадай ETF бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылатынын
хабарлайды:
- US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) iShares MSCI France ETF;
- US35473P6786 ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF.
KASE сауда-сатық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздардың баға белгілеу
дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген қағаз бағасының екінші ондық таңбасына
дейін белгіленген.
[2023-05-15]