"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

15.05.23 11:35
/KASE, 15.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 12 мамырында өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады: - банктің 2022 жылға аудиттелген шоғырландырылған және жекелеген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 қаржы жылы үшін банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін; - 144 915 млн теңге сомасындағы 2022 жылдағы таза кіріс банктің бөлінбеген пайдасының шотында қалдырылсын. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_special_shareholders_meeting_results_120523_35206.pdf [2023-05-15]