/KASE, 12.05.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 10 мамырында
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері
МЕУКАМ-24 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың
12 мамырында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды,
қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 26 972 893 333,3 теңгені құрады.
"Қазақстан Қаржы министрлігі 10 мамырда Қазақстан қор биржасында 30,0 млн
МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103, MUM156_0007) жылдық 12,25 %-бен
орналастырды" тақырыбындағы KASE жаңалығы
https://kase.kz/kz/news/show/1501103/
сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-05-12]