"Sinoasia B&R (Синоазия Биендар) "СК" АҚ акционерлерге компанияның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныс туралы хабарлады

11.05.23 12:30
/KASE, 11.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Sinoasia B&R (Синоазия Биендар) "СК" АҚ (Алматы) "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның компанияның дауыс беретін акцияларының 30 %-нан астам сатып алуына байланысты акционерлеріне өздеріне тиесілі акцияларды бір акция үшін 27 445,67 теңге бағамен сату ұсынысы туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SABR/sabr_other_accidents__24823.pdf [2023-05-11]