"First Heartland Jusan Invest" АҚ 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларына "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 (FHJIag) пайларын ұстаушыларға дивидендтер төленгені туралы хабарлады

11.05.23 10:53
/KASE, 11.05.23/ – пайлары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "allGA" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) басқарушы компаниясы болып табылатын, "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) 2023 жылдың 24 сәуірінен 10 мамырға дейін KZPF00000132 (FHJIag) пайларын ұстаушыларға 2023 жылдың 01 қаңтары мен 31 наурызы аралығындағы кезеңге жалпы сомасы 20 242,05 АҚШ долларын құрайтын дивидендтер төленгені туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FHJI/fhji_dividends_100523_261.pdf [2023-05-11]