10 мамырдан бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына екі шетелдік эмитенттің ETF бағалы қағаздары енгізілді

10.05.23 10:30
/KASE, 10.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 10 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына iShares Inc. және Franklin Templeton Investments, Inc. шетелдік эмитенттерінің мынадай ETF бағалы қағаздары енгізілді: - US4642867075 (сауда-саттық коды – EWQ_KZ) iShares MSCI France ETF (США); - US35473P6786 (сауда-саттық коды – FLGB_KZ) Franklin FTSE United Kingdom ETF (США). Аталған акцияларға рұқсаттама бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. [2023-05-10]