05 мамырдан бастап KASE-де US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

05.05.23 11:13
/KASE, 05.05.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 05 мамырынан бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 15 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша KASE-де US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) Apple Inc (АҚШ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 15 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 17 мамырынан бастап қайта басталады. [2023-05-05]