"Самұрық-Энерго" АҚ жалғыз акционері компанияның 2022 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекітті

05.05.23 10:22
/KASE, 05.05.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE, Биржа) жалғыз акционерінің 2023 жылдың 26 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2022 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 30 131 677 000 теңге мөлшерінде 2022 жылдағы таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: - 2 041 000 000 теңге жалғыз акционерге дивидендтер төлеуге жіберілсін; - 28 090 677 000 теңге компанияның билігінде қалдыру. Толық ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_decision_sole_260423_1157.PDF [2023-05-05]