"ЛОТТЕ Рахат" АҚ акционерлері 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

04.05.23 17:16
/KASE, 04.05.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОТТЕ Рахат" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 28 сәуірінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін - компанияның 2022 жылғы таза кірісі мынадай ретпен бөлінсін - 2 509 200 000,00 теңге компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеуге бағытталсын; - таза кірістің қалған бөлігі бөлінбесін және компанияның бөлінбеген пайдасы шотта қалдырылсын. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_special_shareholders_meeting_results_280423_1303.pdf [2023-05-04]