/KASE, 04.05.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KASE-ге компанияның
2022 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиторлық
есебін ұсынды.
2022 жылғы 31 желтоқсандағы аудиттелген деректерге негізделген
(егер басқасы көрсетілмесе, мың теңгемен):
--------------------------------------------------------
31.12.22 31.12.21
Көрсеткіш
------------------------------ ------------- -----------
Меншікті капитал 157 485 891 96 411 588
Жиынтық активтер 1 570 151 809 473 413 433
Жиынтық міндеттемелер 1 412 665 918 377 001 845
Таза пайда (таза шығын) 40 940 278 14 951 867
Акцияның баланстық құны, теңге 14 756,38 9 518,17
ROA, % 2,61 3,16
ROE, % 26,00 15,51
--------------------------------------------------------
Компанияның 2022 жылға арналған қаржылық есептілігінің аудитін "Делойт"
ЖШС жүргізді. Аудиторлық есепке сәйкес, шоғырландырылған қаржылық
есептілік "Фридом Финанс" АҚ және оның еншілес ұйымдарының 2022
жылдың 31 желтоқсанындағы шоғырландырылған қаржылық жағдайын,
сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ХҚЕС-
ға сәйкес көрсетілген күні аяқталған жылдағы шоғырландырылған ақша
ағындарын барлық маңызды аспектілерде әділ көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланған –
https://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffinf6_2022_cons_rus.pdf
[2023-05-04]