"Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард ЖШС) Қазақстан қор биржасында KZ2P00009277 (MFBLb1) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы өтеуге кірістілігі жылдық 24,00 %-бен орналастырып, 400,0 млн теңге тартты

02.05.23 17:51
/KASE, 02.05.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) саудасаттық жүйесінде "Birinshi Lombard" (Бірінші Ломбард) ЖШС (Алматы) KZ2P00009277 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 14.04.23 – 14.04.25; тоқсандық купон; жылдық 24,00%; 30/360) облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде Сатушы ретінде"Банк ЦентрКредит" АҚ еншщілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ - (Алматы) әрекет етті. Орналастыруға номиналды көлемі 400 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 02 мамырында сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Астана қ. уақытымен жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне барлығы көлемі 410,8 млн теңге (номиналды көлемі 406,1 млн теңге) үш шектелімді өтінім берілді, олар өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналдың 99,9722–100,7500 % (жылдық 23,4900–24,0000 %) диапазонында өзгерді, орташа өлшенген таза баға номиналдың 99,9773 % (жылдық 23,9966 %) құрады. Сұраныс ұсыныстың 101,5 % құрады. Белсенді өтінімдердің барлық көлемі жеке тұлғалардың үлесіне тиді. Орналастыру нәтижелері бойынша бір белсенді өтінім қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 399 999 468,5 теңгеге 395 365 облигация орналастырылды. Қанағаттандырылған өтінімдегі таза баға номиналдың 99,9722 % құрады (жылдық 24,0000 %). "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәміле осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-05-02]