/KASE, 28.04.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 26 сәуірінде
Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535,
MUM180_0006) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2023 жылдың 28 сәуірінде облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер
орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 39 587 485 045,8 теңгені
құрады.
"Қазақстан Қаржы министрлігі 26 сәуір күні Қазақстан қор биржасында
52,0 млн МЕУКАМ-180 алтыншы шығарылымын (KZKD00000535,
MUM180_0006) жылдық 13,97 %-бен орналастырды" тақырыбындағы KASE
жаңалығы
https://kase.kz/kz/news/show/1500472/ сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2023-04-28]