/KASE, 28.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) 2023 жылдың 30 мамырында сағат 15:00-де келесі
күн тәртібімен оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы басталатынын KASE-ге
хабарлады:
- компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
- компания Басқармасының 2022 жылдың өз қызметінің нәтижелері туралы
есебі;
- компанияның 2022 жылға қаржылық есептілігін бекіту;
- компанияның 2022 жылдағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай
акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы және компанияның бір
жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту;
- компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне
акционерлердің шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;
- компания акционерлерін компанияның Директорлар кеңесі мен Басқарма
мүшелерінің 2022 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы
ақпараттандыру.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/BSUL/bsul_special_shareholders_meeting_info_300523_303.pdf
[2023-04-28]