Қазақстан қор биржасында "ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009728 (MFOKb10) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 21,00 %-бен орналастыра отырып, 738,6 млн теңге тартты

25.04.23 18:21
/KASE, 25.04.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "ОнлайнҚазҚаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009728 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb10; 1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 20.04.23 – 20.04.24; ай сайынғы купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Багнк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) әрекет етті. Орналастыруға номиналды көлемі 1 000 000 000 теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-дан 12:00-ге дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты (қатысушылар шоттарының саны – 25). Сауда-саттық жүйесіне барлығы номиналды көлемі 738,6 млн теңге болатын 25 шектелімді өтінім берілді, өтінімдерді жинау аяқталған кезде олар белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналдың 99,9979–100,0156 % (жылдық 20,98–21,00 %) диапазонында өзгерді, орташа сараланған таза баға номиналдың 99,9980 % (жылдық 21,00 %) құрады. Сұраным ұсынымның 73,6 % құрады. Белсенді өтінімдердің барлық көлемі жеке тұлғалардың үлесіне тиді. Орналастыру нәтижелері бойынша барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Жалпы сомасы 738 578 102,3 теңгеге 736 445 облигация орналастырылды. Орташа сараланған таза баға номиналдың 99,9980 % құрады (жылдық 21,0000 %). "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша мәмілелер осы ақпарат жарияланған кезде есептелді, жазылым аяқталды. [2023-04-25]