27 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) және American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

26.04.23 18:01
/KASE, 26.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 27 сәуірінен бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін келесі жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды: - US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) IBM corp. (США); - US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc. (США). Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 10 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 12 мамырынан бастап қайта басталады. [2023-04-26]