27 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында US7475251036 (QCOM_KZ) QUALCOMM Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

26.04.23 17:57
/KASE, 26.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (ҚББ) 2023 жылдың 27 сәуірінен бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 01 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін Qualcomm ink. (АҚШ) компаниясының US7475251036 ("ҚББ Глобал" секторы, QCOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 01 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 05 маусымынан бастап қайта басталады. [2023-04-26]