"Еуразиялық банк" АҚ-ның жалғыз акционері Банктің жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

26.04.23 12:52
/KASE, 26.04.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) жалғыз акционердің 2023 жылдың 21 сәуіріндегі шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады: - 2022 жылға аудиттелген қаржылық есеп берушілік (шоғырландырылған және шоғырландырылмаған) бекітілсін; - банктің 2022 жылдағы таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: - 2022 жылдағы 83 232 912 000 теңге мөлшеріндегі кіріс банктің қарамағында қалдырылсын; - банктің жай акциялары бойынша 2022 жылға дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_decision_sole_210423_5548.pdf [2023-04-26]