21 сәуірден бастап Азия даму банкінің XS2610164944 (ASDBe15) халықаралық әлеуметтік облигациялары KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

21.04.23 21:48
/KASE, 21.04.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2023 жылдың 17 сәуірінде шығаруға жоспарланған Азия даму банкінің XS2610164944 халықаралық әлеуметтік облигацияларын (ASDBe15; 13 300 000 000 теңге; 26.04.23 – 17.12.30; жартыжылдық купон, жылдық 14,10%; 30/360) KASE ресми тізімі "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді. Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың бұл шешімі 2023 жылдың 21 сәуірінен бастап күшіне енді. KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/ASDBe15/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-04-21]