Бүгін Қазақстан қор биржасында "Онлайн ҚазҚаржы МҚҰ" АҚ KZ2C00009728 (MFOKb10) облигацияларына жазылу жүргізіледі

25.04.23 08:50
/KASE, 25.04.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) сауда-саттық жүйесінде "Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009728 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb10; 1 000 теңге, 3,0 млрд; 20.04.23 – 20.04.24; ай сайынғы купон; жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі. Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2023 жылдың 25 сәуірі; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру күні – 2023 жылдың 25 сәуірі; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты – 2023 жылдың 25 сәуірі, Астана қ. уақытымен 13:30-да. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде келесі мәліметтер беріледі: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет- ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb10/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-04-25]