"КоЖаН" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.04.23 15:42
/KASE, 24.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КоЖаН" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 11 748 046 дана; - компанияның 10 748 046 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Матен Петролеум" АҚ болып табылады. [2023-04-24]