/KASE, 24.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 25 сәуірінен
бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана) KZ2C00009637 "жасыл"
облигациялармен (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZb32;
1 000 теңге, 16,0 млрд теңге; 29.03.23-29.03.26; құбылмалы жарты жылдық
купон, 2,00 % + TONIA compounded; actual/ 365) KASE-де сауда-саттық
ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы –
қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/BRKZb32/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-04-24]