"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.04.23 14:35
/KASE, 24.04.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 12 820 000 дана; - банктің 7 830 000 жай акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2023-04-24]