KASE Листингілік комиссиясы "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009736 (KMGZpp2) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

24.04.23 14:30
/KASE, 24.04.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 24 сәуірінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00009736 (1 000 теңге; 50,0 млрд теңге; 10 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,50%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға KMGZpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-04-24]