"First Heartland Securities" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
24.04.23 12:45
/KASE, 24.04.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "First Heartland Securities" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 54 000 000 дана;
- компанияның 8 433 359 жай акциялары орналастырылған;
- компания өзінің 149 486 акциялары кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға JUSAN TECHNOLOGIES LTD болып
табылады, оның меншігінде 8 262 711 жай акциясы (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 99,74 % немесе орналастырылған жай акцияларының
жалпы санынан 97,98 %) бар.
[2023-04-24]