/KASE, 24.04.23, 20.04.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 20 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде
"Онлайн Қазқаржы МҚҰ" АҚ (Алматы) KZ2C00009728 (KASE баламалы алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb10; 1 000 теңге, 3,0 млрд; 20.04.23
– 20.04.24; ай сайынғы купон; жылдық 21,00 %; 30/360) облигацияларына жазылу
арқылы бастапқы орналастыру жүргізіледі.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" АҚ
еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 1 000 000 000 теңге.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласы
уақытымен сағат 10:30-дан 11:30-ға дейін жүргізіледі. Жазылым аясында тек
шектелімді өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға беру күні – 2023 жылдың
25 сәуірі; Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға беру
күні – 2023 жылдың 25 сәуірі; есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты
– 2023 жылдың 25 сәуірі, Астана қ. уақытымен 13:30-да. Есеп айырысуларды
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор"санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық
тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға
ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде келесі мәліметтер беріледі:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның
атауы;
2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.
Бағалы қағаздарға жазылуды жүргізу қағидалары KASE интернет-ресурсында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb10/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-04-24]