АҚ "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
21.04.23 17:56
/KASE, 21.04.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, АҚ "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 374 607 108 дана;
- компанияның 374 606 108 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат
қоры" АҚ болып табылады, оның меншігінде 373 288 243 жай акциясы (компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,65 %) бар.
[2023-04-21]