/KASE, 21.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 сәуірінен
бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының
индикаторларын есептеу үшін өкілеттік тізімнен (KASE_BM* сериясы)
"Fincraft Group" ЖШС KZ2P00006190 (NCOMb2) облигацияларын олардың
айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады.
2023 жылдың 21 сәуірінен бастап KASE_BM*сериялы индикаторларының
өкілдік тізімі 61 атаулы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны
есепке алмағанда ("таза" бағалар бойынша) олардың бағалары бойынша
есептелетін баға индексі.
Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf
[2023-04-21]