"Fincraft Group" ЖШС KZ2P00006190 (NCOMb2) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
21.04.23 09:30
/KASE, 21.04.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 сәуірінен
бастап "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00006190 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, NCOMb2; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 29.08.19 –
21.04.23; жартыжылдық купон, жылдық 13,00%; 30/360) облигацияларының
айналыс мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды.
Аталған облигациялар баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE
ресми тізіміне 2019 жылдың 23 тамызынан бастап енгізілді, 2021 жылдың
12 қазанынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар"
санатында болды. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 27 тамызынан бастап ашылды.
[2023-04-21]