/ҚАЙТАЛАУ/ 21 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807299174, US48667QAR65 (KMGZe13) халықаралық облигацияларын жоспарланған мерзімінен бұрын өтеуге байланысты сауда-саттық тоқтатылады

21.04.23 09:00
/KASE, 21.04.23, 12.04.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 21 сәуірінен бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) XS1807299174, US48667QAR65 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KMGZe13) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2023 жылдың 12 сәуірінен бастап аталған облигациялармен сауда-саттық, есеп айырысу күні 2023 жылдың 26 сәуіріне және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатылды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның 2023 жылдың 26 сәуіріне жоспарланған көрсетілген облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу туралы хабарламасына байланысты тоқтатылады. Бұрын осы тақырып бойынша KASE жаңалықтары жарияланған болатын: - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың 10 сәуірінде XS1807299174, US48667QAR65 (KMGZe13) халықаралық облигацияларын мерзімінен бұрын өтеу жоспарланып отырғанын хабарлады https://kase.kz/kz/news/show/1499205/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың 11 сәуіріндегі XS1807299174, US48667QAR65 (KMGZe13) халықаралық облигацияларын мерзімнен бұрын өтеу туралы хабарлау күні мен өтеу күнінің өзгергені туралы хабарлады https://kase.kz/kz/news/show/1499277/ [2023-04-21]