"Форпост" ЖШС KZ2P00009707 (FPSTb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

19.04.23 14:22
/KASE, 19.04.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 19 сәуірнде "Форпост" ЖШС (Ұлытау облысы) KZ2P00009707 ($100, $10,0 млн; 367 күн; тоқсандық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "Форпост" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Астана) болып табылады. Аталған облигацияларға FPSTb1 қысқартылған таңбасы (сауда-саттық коды) берілді. "Форпост" ЖШС қызметінің негізгі түрі – бағалы металдар мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру, оларды қайта өңдеу және сату. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-04-19]