19 сәуірден бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009678 (TMJLpp3) облигациялары KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізілді

19.04.23 09:25
/KASE, 19.04.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 17 сәуірінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00009678 (TMJLpp3; 1 000 теңге, 173 709 364 000,00 теңге, 20 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,74%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 19 сәуірінен бастап күшіне енеді. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-ресурсында https://kase.kz/ru/bonds/show/TMJLpp3/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-04-19]