KASE листингілік комиссиясы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ KZ2C00009678 (TMJLpp3) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

17.04.23 18:00
/KASE, 17.04.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингтік комиссиясы (KASE) 2023 жылдың 17 сәуірінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C00009678 (1 000 теңге, 173 709 364 000,00 теңге, 20 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,74%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылдың 22 желтоқсанында тіркеген "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның 542 862 679 000 теңге сомасына үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде екінші болып табылады. Аталған облигацияларға TMJLpp3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-04-17]